Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерден шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік көшірмелерге апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар ) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік анықтама - ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;